Ақтөбеде ауыл әкімдігі тұрғындармен бірге Амал мерекесін атап өтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылдық округінің әкімдігі бүгін тұрғындарға арнап киіз үй тігіп, Наурыз көже асты. Бұған дейін тек кабинетте кездесіп, ресми тілдескен әкімдік қызметкерлері ауыл адамдарымен төс түйістіріп, бір-бірінен кешірім сұрады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы «Геолог» мәдениет үйінде Амал мерекесі өтті. Қарғалы селолық округінің тұрғындары үшін арнайы киіз үй тігіліп, дастарқан жайылды.

«Біз бала кезімізде жыл басын 14 наурызда қарсы алатын едік. Сол күні ауылдың үлкендеріне барып, көрісеміз. Олар дастарқан жайып, Наурыз көже ұсынады. Биыл ата дәстүрімізді қайта жаңғыртып, мәдениет үйінің жанына киіз үй тігілді. Мәдениет үйінің қызметкерлері өнер көрсетіп, Әжелер ансамблі ән салды. Осы жолмен салт-дәстүрімізді насихаттап, ауыл тұрғындарына ұлттық тағамдарды ұсындық»,- деді «Геолог» мәдениет үйінің директоры Сағынтай Қалиев.

Ауыл әкімдігі мен мәдениет саласының қызметкерлерінің тосын сыйын халық өте жақсы қабылдады. Ақсақалдар бата беріп, елдің бірлік-татулығын тіледі.
null 

«Бұл күні жасы үлкендерге барып, амандығын біліп, жылдан аман-есен шыққанымыз үшін тәубе айтатын күн. Әрі татулыққа шақырады. Әкімдік пен мәдениет саласының қызметкерлері шақырған соң келіп, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртуға үлес қосып жүрміз. Біз үшін дастарқан жайылды. Дәстүрмен Наурыз көже берілді. Ұлттық болмысымызды осы арқылы насихаттап, жеткізе білсек, мұра етіп қалдырсақ, біз үшін бұл да бір бақыт»,- деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Ақбала Нұрлаева.
null  

Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылдық округінде 20 мыңнан астам адам тұрады. Ауыл тұрғындары мектеп, балабақшамен қамтамасыз етілген.

«Біз үшін ауыл тұрғындарының әр күні маңызды. Бүгін дәстүріміз бойынша оларды шақырып, концерттік бағдарламамызды ұсындық. Ауыл халқы мен әкімдік қызметкерлері кабинетте емес, дастарқан басында кездесіп, төс түйістірді. Қыстан аман шығып, жаңа жылды қарсы алған тұрғындар алдында өкпе-реніш болса, кешірім сұрадық. Бәрі көңілді, өз алғыстарын жеткізіп жатыр»,- деді ауылдық округ әкімінің орынбасары Гүлсім Омарова.
null 

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында бүгін «Бауырсақ» мерекесі өткізіледі. Наурыз мерекесіне арналған шара кезінде жастар флэш-моб ұйымдастырып, ұлттық тағамдар ұсынылады. Ал өнер ұжымдары концерт қояды.

null 

Соңғы жаңалықтар