Ақтөбеде аула сыпырушылар төбелесіп, біреуі көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында аула сыпырушының денесі жұмыс орнынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 28 тамыз күні сағат 14:58-де тіркелген. 102 нөміріне автотұрақ маңында пышақ жарақатын алып, көз жұмған тазалықшының денесі табылғаны хабарланды.
«Оқиға орнына полиция қызметі барып, мән-жайды анықтады. Жұмыс кезінде екі аула сыпырушы сөзге келіп, төбелесіп, бірі екіншісінің кеуде тұсына екі рет пышақ сұғып алған. Жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған адам оқиға орнында көз жұмды. Әріптесін өлтірген күдікті кінәсін сол жерде мойындады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, осы дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Сот алды тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.



Соңғы жаңалықтар