Ақтөбеде аударылған мектеп автобусында 18 оқушы мен 9 ата-ана болған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде аударылған мектеп автобусында 18 оқушы мен 9 ата-ана болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік айналма жолдың 13 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Автобус ішінде №9 мектеп-гимназиясының 18 оқушы мен 9 ата-ана болған.

«Автобус жүргізушісі жол ережесін бұзып, «Тәжікстан азаматы мінген »Ниссан« көлігімен түйісіп қалды. Салдарынан автобус аударылды. Жедел жәрдем қызметі 16 баланы ауруханаға жеткізіп, екеуі жатқызылды. Ал жедел жәрдем ауруханасына 3 ересек адам жеткізілді. Оқиға орнында дәрігерлер, полиция мен төтенше жағдай қызметі жұмыс істеді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жолға шыққан мектеп автобусы полициядан қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы өтініш жасамаған.

Соңғы жаңалықтар