Ақтөбеде аудан тұрғындары науқас оқушының еміне ақша жинап берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының тұрғындары 8 жастағы Іңкәр Бақытжанованың еміне қаржы жинап жатыр. Озат оқушының емі үшін мектеп түлектері де қайырымдылық концертін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іңкәр Бақытжанова озат, алғыр әрі елгезек оқушы. Ол үнемі алда жүреді, көптің көз қуанышына айналды. Алғашында жөтеліп, денесі көгеріп кеткен. Дәрігерлер суық тиіп ауырған болуы мүмкін деп ем жүргізеді. Бірақ дерті асқынып, облыс орталығы Ақтөбеде аққан ауруына шалдыққаны анықталды.

«Қан тапсырып, ауру белгілері бар екені белгілі болды. Генетикке қаралып, аққан диагнозы қойылды. Содан бірден Астанаға жолдама беріліп, бір аптадан бері ем қабылдап жатыр. Екі балам студент. Сол екеуінен қан алып, сараптамаға жіберілді. Егер сәйкес келсе бауырлары донор бола алады, ал келмесе дүниежүзілік донорлар қорына кезекке қойылып, іздеу жүргізіледі. Қазір химиялық ем қабылдап жатыр»,- деді Іңкәрдің анасы Анар Нарымбетова.
null 

Естімеген, көрмеген дерттің белгілерін ата-анасы алғашында білмеді. Аяғы, қолы көгеріп жүргенде құлап қалды деп топшылады. Мектеп оқушысының ауыр дертке шалдыққанын естіген аудан жастары бірден көмектесудің жолын іздеді. Олар аудандағы дүкендер мен демалыс орындарының иелерімен келісіп, қайырымдылық жәшігін орнатты.

«Барлық дүкен, супермаркетке жәшік қойылып, алғашқы ақшаны бердік. Барлығы 1,4 миллион теңге жиналды. Ауылдың кішкентай қызы ауырып қалды дегенді естіп, барлығы көмектесті, қайырымдылық іс жасады. Алдағы уақытта жәрмеңке немесе көңілді тапқырлар клубының байқауын өткізуді көздеп отырмыз. Мектеп түлектері де қайырымдылық концертін өткізіп, қаржыны өздері жинады. Қазір ауданда жан-жақтан көмек қолын созып жатқан адам көп. Бірақ біз тоқтап қалмай, қаржы жинауды бүкіл Қазақстан бойынша жүргізгіміз келеді»,- деді «Біз біргеміз» ерікті жастардан құралған қайырымдылық тобының мүшесі Аслан Лекеров.

Соңғы жаңалықтар