Ақтөбеде аудан әкімі баласын вакцина салдыруға ертіп барды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі Болат Құлов 14 жастағы ұлын емханаға ертіп апарып, вакцина салдырған кезде жанында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша бүгінде 364 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Ал 344 мыңнан астамы екі компонентін де қабылдады. Қазіргі кезде ревакцинациялаудан 20 мыңнан астам адам өтті. Сонымен бірге жүкті әйелдер, бала емізетін келіншектер мен жасөспірімдерді иммундау шарасы өтіп жатыр. Қобда ауданының әкімі Болат Құлов 14 жастағы ұлы Атаби Ахметовті ертіп, емханаға барды. Онда дәрігерлермен кеңесіп, кейін өз келісімін берді.


«Індетпен күресу жолы – ұжымдық, отбасылық иммунитетті қалыптастыру. Отбасымыздағы ересектер вакцина салдырды. Pfizer вакцинасы жеткізілген соң ұлыммен ақылдастым. Вакцинаның пайдасын айтып, бірге шешім қабылдадық. Аудандық аурухадаға барып, дәрігерлермен кеңестім. Сөйтіп вакцина салдырды. Баршаны, бала қамын ойлаған ата-ананы вакцина салдыруға шақырамын», - деді Болат Құлов. Мектеп оқушысы Атаби Ахметовтің денсаулығы қалыпты, вакцинадан соң 30 минут бойы ақ халаттылардың бақылауында болды. Кейін оған алдағы үш күннің ережесі, сақтану жолы түсіндірілді.

Айта кетейік, облыс бойынша 6 мыңнан астам адам Pfizer вакинасын салдырды. Олардың тең жартысынан астамы жасөспірім.


Соңғы жаңалықтар