Ақтөбеде Атжақсы өзеніндегі балық қырылып қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының мұнайлы өлкесіндегі өзенде балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атжақсы өзенін тексеруге облыстық Экология департаментінен, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасынан мамандар және ихтиологтар барды. Ол жерде экологтар судан, орман шаруашылығы басқармасының өкілдері балықтан сынама алды.

«Атжақсы өзенінің суы тартылып, кішкентай көлге айналған. Ағысы жоқ, суы тұрып қалған. Шолу жасаған кезде мұнай аққан, зиянды қалдық төккен белгі көрінбейді. Су асты шіріп, лайланып, балықтарға оттегі жетпеген болуы мүмкін. Су сынамасы бүгін кешке немесе ертең белгілі болады», - деді облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов.

Соңғы жаңалықтар