Ақтөбеде атаулы әлеуметтік көмек алған жеке кәсіпкерлер анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде атаулы әлеуметтік көмек алғандардың кейбірі ақшаны мемлекетке кері қайтарып жатыр. Олардың арасында жеке кәсіпкерлер де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алған 3502 отбасының кірісі жоғары деп анықталды. Оның 849-на төлем тоқтатылған.

«Төлем тоқтатылған 43 отбасынан 4,6 миллион теңге ақша кері қайтарылды. 1706 отбасына көмек беру уақытша тоқтатылып, қайта есептеу жүріп жатыр. Сонымен қатар 1221 отбасының табысы мен кірісі есептеліп, оларға атаулы әлеуметтік көмек беру дұрыс екені белгілі болды. Ал облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек алған 162 жеке кәсіпкер анықталған болатын. Әзірге нақты қанша қаржының аударылғаны белгісіз. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесе жұмыс жүргізіп, олардың табысы мен кірісі анықталады», - деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Ақсұлу Жұбаназарова.



Соңғы жаңалықтар