Ақтөбеде әскерге шақырылатын жастарға патриоттық фильмдер көрсетіліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ.ҚазАқпарат - Ақтөбеде әскерге шақырылатын жастарға патриоттық фильмдер көрсетіліп жатыр. Себебі, өткен жылы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті оннан астам жасты діни ұстанымдары үшін әскер қатарына жібермеген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы 2000 жылы туған азаматтарды әскерге дайындап жатыр. Алдымен олардың денсаулығы тексеріледі. Қазіргі уақытта жастардың арасында көз ауруы бірінші орында тұр.

«Қазіргі күні шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Мақсаты  2000 жылы туылған жасөспірімдердің санын білу, медициналық комиссиядан өткізіп, әскери қызметке дайындау. Әскер қатарына шақырылатындар арасында діни көзқарас ұстанушылар бар, бірақ көп емес. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Себебі, Отан алдындағы азаматтық борышын өтейтіндер намаз оқи алмайды. Шақырылғандарға ұлттық рух, сенім, патриоттық тәрбие беру үшін фильмдер көрсетіп жатырмыз», - деді Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бөлімше бастығы Ернұр Әшірбеков.

Айта кетейік, қазір жастардың арасында көз ауруы мен тірек қимылы ауруы, яғни, омыртқаның қисайып кету дерті асқынып тұр. Биыл қала бойынша 2 мыңнан астам жасты тіркеу қажет болса, қаңтар айынан бастап олардың тең жартысы медициналық тексеруден өтіп болды. 

Соңғы жаңалықтар