Ақтөбеде әскерден келгендердің кортежі қарсы бетке шығып, жол ережесін бұзған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде әскерден келіп, көлікпен жол ережесін бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласы Ғ.Жұбанов көшесі бойымен жүрген бірнеше автокөліктің жол ережесін өрескел бұзғаны анықталды. «Ваз-2114» автокөлігі бірнеше рет апатты жағдай тудырып, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққан.


«Nissan» және «Renault» автокөліктерінен бірнеше адам терезе мен көлік жоғарысына шықты. Олар автокөліктерінен мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алып тастаған. Соған қарамастан полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерінің жеке басын анықтап, әкімшілік жауапқа тартты»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар