Ақтөбеде ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш жөндеуден өтуде

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш қайта қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде өткен жылы 31 мамырда ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш орнатылды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, мүсінші Ахмет Құбайдың жобасы үздік шығып, ашылу салтанатына қуғын-сүргін құрбандарының балалары қатысқан болатын. Арада бір жылға жуық уақыт өткенде ескерткіштің іргетасы сыр берді.null

«Ауа райына байланысты ескерткіштің іргетасы бүліне бастады. Сондықтан мердігер мекемеге 2 апта уақыт берілді. Осы уақыт аралығында іргетасын қалпына келтіріп, сынып кеткен гранит тастарды алмастырады», - деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммунналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Дастан Әжібаев.

Айта кетейік, өткен жылы ескерткіштің тұғыры мен қабырғасын қалауға бюджеттен 15 миллион теңге қаржы бөлінген.

null

Соңғы жаңалықтар