Ақтөбеде әртүрлі деңгейдегі мәслихаттың 178 депутаты таңдау жасауда

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 192 депутаттың 178-і бүгін Сенат депутатын таңдайды. Үш кандидат Сенат депутаттығынан үмітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 5 үміткер сайлауға қатысуға өтініш берген. Оның төртеуі өзін-өзі ұсынды. Алайда тек үшеуі ғана тіркеліп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

«Барлық қажетті құжатты үш кандидат ұсынды. Сайлау заңнамасына сәйкес ақпарат әкімдік порталына, жергілікті екі газетке шықты. Қазіргі кезде дауыс беруге арналған пункт дайын. Оның өзі тәртібі бар. Бюллетень жеке куәлікті көрсеткен кезде беріледі. Кабинаға кіріп, өз таңдауын жасайды. Әрбір таңдаушының дауысы саналауы үшін қате жібермеу керек. Бюллетень бүлінсе, таңдау есептелмейді»,- деді облыстық аумақтың сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіпов.

Еске салсақ, облыстық сайлау комиссиясы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы негізінде 7 мүшеден тұрады. Бәрінің тәжірибесі бар.


Соңғы жаңалықтар