+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбеде әр ағаштың жеке құжаты болады

2019 жылғы 13 қараша 03:39
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде әр ағаштың жеке құжаты болады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ресейлік мамандар Ақтөбе қаласындағы жасыл желекті түгендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында жасыл желек санын арттыру, егу, суару, күтіп ұстау жұмысын жүйелі жүргізу үшін бар ағаштың санын білу жоспарланды.

«Ақтөбе — бәріміздің ортақ үйіміз. IT-технологияның дамыған кезінде мәліметтердің электрондық базасын, автоматтандыру жүйесін жасау қажет. Әрі жасыл желек қала аумағында қатаң бақылауға алынуы тиіс. Бұл үшін біз техникалық мүмкіндіктерімізді жетілдіруіміз керек. Мәселен, қалада тал-көшеттің саны мен сапасы туралы нақты мәлімет жоқ. Бұл жасыл желекті суаруға, күтіп ұстауға бөлінетін қаржыны негіздеуге кедергі келтіреді. Сондай-ақ, қалада дендрологиялық зерттеу жүргізілмейтіні анық. Инженерлік желіні жүргізген кезде, құрылыс салғанда, қайта жөндеу жұмысы кезінде тал-теректің зардап шегетіні белгілі», - деді қала әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров. Ресейде ағаштарды есепке алуды бастаған «Ульмус» қоғамдық бірлестігінің бас директоры Павел Воробьев және Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің доценті Екатерина Черняева өз тәжірибесімен бөлісті. «Ресейде 10 жылдан бері «Жасыл желек тізімі» атты бағдарлама жүзеге асырылып келеді. Өсіп тұрған тал-көшет бағалау жүйесіне енгізіледі және мәліметі арнайы ақпараттық жүйеге тіркеледі. Соның арқасында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері кез келген уақытта жасыл желектің санына, сапасына қатысты мәліметті біліп отырады», - деді Павел Воробьев. Ағаштарды түгендеу жұмысына ауыл шаруашылығы колледжінің оқушылары және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері қатысады. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің биолог, агроном дендрологтан құрылған жұмыс тобы мәскеулік мамандармен бірге «Ақтөбе қаласының жасыл белдеуін құру, күтіп ұстау және қорғау ережесін» жасайды. Еске салсақ, 2017 жылы отырғызылған 1 миллион түп көшет суарылмай, қурап қалған болатын. Бұл үшін бюджеттің 70 миллион теңгеден астам қаржысы жұмсалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT