Ақтөбеде антитеррорлық операция жалғасып жатыр - ҰҚК

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында лаңкестік актілерін жасауға қатысы бар тұлғаларды ұстау бойынша іс-қимылдар жалғастырылып жатыр, деп хабарланады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында.

«ҚР Антитеррорлық  орталығы ағымдағы жылдың 10 маусымында Ақтөбе облысының лаңкестікпен күрес бойынша жедел штабы Ақтөбе қаласында лаңкестік актілерін жасауға қатысы бар тұлғаларды ұстау бойынша іс-қимылдар жалғастырылып жатқанын ескертеді. Полицейлер қолына берілу ұсынысына лаңкестер қарулы қарсыластық танытты. Іс-шаралар жалғастырылуда, олардың қорытындылары қосымша хабарланатын болады.  Операцияны өткізу кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген», - делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар