Ақтөбеде антитеррорлық оқу-жаттығу өтіп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат  - Ақтөбе қаласындағы ірі супермаркет ішінде антитеррорлық оқу-жаттығу өтіп жатыр. Қазір қаладағы бірнеше жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
«Қаладағы «Дина» супермаркетінде антитеррорлық оқу-жаттығу өтіп жатыр. Кез келген жағдайға дайын болуы үшін, қару-жарақтың әзірлігін тексеру үшін ұйымдастырылды. Сабырлық сақтап, жалған ақпарат таратпауын сұраймыз»,- деді облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Терроризмге қарсы жедел штаб Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр, Әлия Молдағұлова даңғылдары мен бірнеше шағын қиылыстарды уақытша жапты. Ал негізгі оқу-жаттығу ірі супермаркет ішінде өтіп жатыр. Сценарий бойынша лаңкес адамдар көп шоғырланған орында өз-өзін жарып жібермек болған. 
null  

Соңғы жаңалықтар