Ақтөбеде анасын өлтірді деп айыпталған оқушы қызға қатысты сот отырысы басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы оқушы қыз бен оның 18 жастағы жігітіне қатысты алғашқы отырыс өтті. Оларға Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жәбірленуші 2022 жылдың 14 сәуірі күні сағат 21:00-ден өте қызының жігітін үйіне шақырып, шағын жөндеу жұмыстарын жасап беруді сұрайды. Жуынатын бөлмедегі бұрандаларды ауыстыру керегін айтады. Сол күні айыпталушы жігіт сағат шамамен 23:00-де үй жұмыстарына көмек көрсету үшін барған. Біраздан соң үй иесі ұрыс шығарады. Киім ілгіштегі ілмектің дұрыс еместігі жанжал туындатқан. Ішімдік ішкен әйел жігіттің қызымен арадағы қарым-қатынасын құптамайтынын да жеткізген. Дау төбелеске ұласқан. Сол кезде айыпталушы жәбірленушінің оң қолынан ұстап, жүрек тұсына бір рет пышақ сұққан. Мұнан соң оны буындыра бастаған. Сол кезде жанында тұрған қыздан көмектесуді сұрады. Себебі, жәбірленуші ол кезде тірі еді. Қарсылық көрсеткен. Қыз кішкентай кезінде өзіне зәбір көрсеткен анасын аямай, пышақты алып, бірнеше рет сұғып алады. Сөйтіп, мүрдені жасыруды ойлайды», - деді мемлекеттік айыптаушы сот отырысы кезінде.

Айыптау қорытындысына сүйенсек, екеуі 19 сәуірге дейін денені балконда сақтайды. Дене бұзылмас үшін оған уксус құйып, сода сепкен.

«Кінәні мойындаймын. Бірақ, қылмысты өзім жасадым. Ашу үстінде. Қорқып, ешкімге айтпадым. Кейін ағама хабарластым, ол полиция шақырды», - деді 18 жастағы жігіт.

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасы анасын өлтірген оқушы мен оның жанында болған жігітке қатысты істі тергеп, сотқа жіберді. Прокуратураның хабарлауынша, айыптау актісі кезінде оларға қатысты бап өзгертілді. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағы, яғни топ болып жасаған қылмысы үшін сотқа жолданды.


Соңғы жаңалықтар