Ақтөбеде анасын өлтірді деген оқушы қыздың ісі сотқа жолданды
2022 жылғы 23 маусым 09:39

Ақтөбеде анасын өлтірді деген оқушы қыздың ісі сотқа жолданды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасы анасын өлтірген оқушы мен оның жанында болған жігітке қатысты істі тергеп, сотқа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тергеу кезінде айыпталушылардың бірнеше күн өткен соң ғана қылмыс туралы хабарлағаны белгілі болды. Айыптау актісі кезінде оларға қатысты бап өзгертілді. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағы, яғни, топ болып жасаған қылмысы үшін сотқа жолданды. Іс Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді»,- деп жазды Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Егер олардың кінәсі дәлелденсе 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетсек, оқиға мамыр айының басында тіркелді. Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова күдікті қыздың толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқанын айтты.

«Анасы вахталық әдіспен сауыншы болып жұмыс істеген. Бала бейәдеп әрекеттермен көзге түспеген. Бірақ анасы бірнеше рет баласын қараусыз қалдырып, соған байланысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысына шақырылған, ескерту жасалған. Бала салмақты, артық іс-әрекеттері бұған дейін байқалмаған. Ішкі істер органдарының есебінде болмаған. Тек сағат 23:00-ден кейін көшеде жүріп, осы талапты бұзғаны үшін бірнеше рет ескерту алған. Жанында дос баласы болған. Ол кәмелеттік жасқа толған жігіт. Қаладағы колледждердің бірінің студенті»,- деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT