Ақтөбеде аналардың баспана мәселесі қайырымдылық қордың көмегімен шешіліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында көпбалалы, жалғызбасты аналардың баспана алуы үшін кәсіпкер қорға ақша аударып, қор алғашқы жарна ретінде қаржы бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен қала әкімі Ілияс Испанов «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында пәтер беру, аса мұқтаж отбасылардың баспана мәселесін шешу жолдары туралы әңгімеледі. Қазір қала бойынша 1500-ден астам көпбалалы отбасы пәтер кезегінде тұр.

«Қала әкімдігі жанында аса мұқтаж отбасылардың баспана мәселесі және оны шешу жолдарын қарастыру үшін жұмыс тобы құрылған болатын. Барлығы 190 адамның өтініші қаралды. Оның 97-іне сатып алу құқығы бар жалдамалы пәтер беріледі. Қазір 45-сі төлем қабілетін дәлелдеді. Бәріне тұрақты жұмыс істеу, несие тарихы таза болу міндеттелді», - деді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Рамазанов.
null

Айта кетейік, биыл Ақтөбе облысында аз қамтылған отбасыларға берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек көлемі 70 мыңнан 140 мың теңгеге дейін өсті. Мектепке дейінгі мекемелерде аз қамтылған отбасының балалары үшін тамақтану ақысы 70 пайызға төмендеді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар түгел тегін ыстық тамақпен қамтылатын болды. Әрі әлеуметтік осал топқа кіретін 3 мың азамат кәсіби оқуға жіберіледі. Осы топтағы 5 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылады.

«Баспанаға аса мұқтаж отбасыларды пәтермен қамту үшін «Қолғанат Ақтөбе» қайырымдылық қорына жүгініп отырмыз. Биыл ақтөбелік кәсіпкер 20 миллион теңге аударып, ол ақша 37 отбасыға алғашқы жарна ретінде берілді. Комиссия төлем қабілетін қарайды, отбасының жағдайын көреді. Кейбірі несиені өтеуді сұрайды. Бұл дұрыс емес, тек бапана алуға мүмкіндік беріледі. Қала бойынша қазір 27 аз қабатты, 8 көпқабатты үй салынып жатыр. Сонымен қатар, 18 жоба әзірленуде», - деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Айта кетейік, көпбалалы, аса мұқтаж отбасыларға «Бақытты отбасы» бағдарламасының мән-жайы түсіндірілді. Күні бүгінге дейін 1500 ақтөбелік осы бағдарлама туралы жан-жақты ақпарат алған.

«Қалада 140 мың адам жер алуға өтініш берген. Облыс бойынша 30 мың адам пәтер кезегінде тұр. Бәрі бір күнде шешілмейді. Биыл 1 миллион шаршы метр тұрғын үй тапсырылады. Ең кемі 8 700 пәтер беріледі. Кейбірін адамдар өздері сатып алса, кейбірі мемлекет тарапынан беріледі», - деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин.
null

Жиыннан соң әкімдер баспаналы болған Гауһар Әбдіразақова және Таланды Серікбаеваның пәтерін қарап шықты.

null null

Соңғы жаңалықтар