+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Ақтөбеде ана өлімі 13 есе артқан: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді

2020 жылғы 8 қазан 14:16
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде ана өлімі 13 есе артқан: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде биыл 8 айда 13 ана өлімі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР СІМ Нидерландыға ұшатын Қазақстан азаматтарына ақпарат таратты Сайлау науқаны коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне әсер еткен жоқ - ДСМ Батыс Қазақстанда бір айда 100-ге жуық бала коронавирус жұқтырған

«8 ай қорытындысы бойынша бізде 13 жағдай тіркелді. Оның ішінде 9-ы коронавирус инфекциясына байланысты болды. Коронавирус беймәлім инфекция болған соң жағымсыз әсерін тигізіп отыр. Көбіне тұрғындар медициналық көмекке кеш жүгінген, өз-өзін емдеп, сақтық шарасын ескермеген», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиында Президент: «Былтырғы 8 айда – 36 әйел қайтыс болса, биылғы 8 айда – 131 әйел қайтыс болыпты. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкент қаласында 7 есе артты. Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл өте өзекті сұрақтар. Оларға әкімдер жауап беру керек», - деген болатыын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT