Ақтөбеде алыпсатардан 9500 дана медициналық маска тәркіленді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 1 дана бетпердені 135 теңгеге сатып алып, 190 теңгеге сатпақ болған тұрғын ұсталды. Одан 9500 дана медициналық маска тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік тұрғын медициналық бетпердені қымбатқа сатқан адамның үстінен арыз түсірді. Бірден Қылмыстық кодекстің «Заңсыз кәсіпкерлік» бабымен іс қозғалып, тергеу басталды.

«Текрсеу кезінде 27 жастағы қала тұрғынынан 9500 дана бетперде тәркіленді. Ол медициналық масканы қызмет көрсету сайты арқылы 1 данасын 135 теңгеге сатып алып, 190 теңгеге сатуды жоспарлағанын айтты. Құны – 1,8 миллион теңге. Осы дерекке сәйкес ӘҚБтК 463-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қылмыстық іс қысқартылды. Тәркіленген бетперде денсаулық сақтау басқармасына берілді», - деді облыстық экономикалық тергеу департаментінің маманы Рүстем Тайшиев.


Соңғы жаңалықтар