Ақтөбеде алтын қорын анықтау үшін геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде геологиялық барлау жұмыстары кезінде жерасты кен орындарын, оның ішінде алтын кенін анықтау жұмысы жүріп жатыр. Биыл барлау жұмыстарына 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2017 жылы Ақтөбе облысында 19 жерде қатты пайдалы қазба байлықтарын іздеу жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде барлығы екі нысанда іздеу жұмысы аяқталып, алтын, күміс және мыстың қоры бар екені анықталды. Зерттеу жұмысы кезінде 5 тонна алтын қоры табылды. Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, Батыс Қазақстан Геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаментінің басшысы Азат Ерімбетовтың айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылар барлау жұмыстарын жүргізуді әрі қарай жалғастырады. Ақтөбенің Шалқар ауданында «БС Холдинг» компаниясы алтын қорын іздейді. Өткен жылы басталған жұмыс 2019 жылы аяқталады. Барлауға 87 миллион теңге жұмсалмақ.

«Шалқар ауданында титан-цирконий іздеу жұмысы да жүреді. Бұл жұмысқа 42 миллион теңгедан астам қаржы бөлінеді. Жалпы Ақтөбе облысы бойынша қатты пайдалы қазба қорын қайта барлау кезінде жерасты байлығының мөлшері жоспардан төмен болып шықты. Себебі, барлау жұмыстары кезінде нақтыланып, болжам ақталмады. Жоспар бойынша биыл 16 жоба қолға алынды. Барлауға 1,6 миллион теңге бөлініп отыр», - деді Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, Батыс Қазақстан Геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаментінің басшысы Азат Ерімбетов. 

Соңғы жаңалықтар