+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Ақтөбеде алтын бұйымдармен жерленген адам табылды

2019 жылғы 25 қазан 17:39
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде алтын бұйымдармен жерленген адам табылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Зерттеушілер Ақтөбе облысында алтын бұйымдарымен жерленген адамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде Абайға және Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнатылады «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірлерде іске асырылуы онлайн-трансляцияда талқыланды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының амбассадорлары анықталды

Темір ауданының Тасқопа ауылы бұрын қала болған. Қала орнын зерттеуге облыс әкімі Оңдасын Оразалин қолдау білдіріп, Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институттың басқаруымен екі ай бойы қазба жұмыстары жүргізілді.

«Қазба жұмыстары тамыз айында басталды. Барлығы 15 қорған анықталып, биыл 4 қорған зерттеліп жатыр. Біреуінен «алтын адам» табылды. Нақты айтқанда белдігі, дулығасы, түрлі бұйымдар алтындатылған. Қазір зерттеу жүргізіліп жатыр. Тариха сүйенсек, бұл жерде сарматтардың ескерткіші бар. Табылған қорым біздің заманымызға бейінгі V ғасырға жатады. Мұндай жерлеу тек тайпа көсеміне тән», - деді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов.

Табылған алтын бұйымдар Алматыға зерттеуге жіберіледі.

«Тасқопа қорымы ауылдан 2 шақырым жерде орналасқан. Біз алдағы уақытта бұл жерден де құнды жәдігер табылады деп үміттенеміз», - деді Ж.Қалмағамбетов.

Айта кетейік, Тасқопадағы қорым алдағы үш жылда зерттеледі. Негізі қорым бұрын тоналып кеткен. Бұл жолы алтын бұйымдармен жерленген адам 5 метр 70 см табылып тұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT