+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Ақтөбеде «Алтын белгі» иегерлері қызыл кілеммен жүріп өтті

2019 жылғы 15 маусым 20:51
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде «Алтын белгі» иегерлері қызыл кілеммен жүріп өтті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін «Алтын белгі» алған 505 түлек марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент атындағы саябақ алаңында «Алтын белгі» иегерлерін марапаттау шарасы өтті. Жас түлектерді облыс әкімі құттықтап,«Жас түлек» фестивалінің бағдарламасы бойынша халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқауларда жеңімпаз атанған үздік 16 түлекті марапаттады. Олардың ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі алтын белгі иегерінің әрқайсысына 500 мың теңге, үш «Үздік аттестат» иегеріне 300 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

«Халқымызда мектеп-кеме, білім-теңіз деген жақсы сөз бар. Білім айдынында ескегі мықты жан ғана өз дегеніне жетпек. Болашақта мәңгілік елдің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспін», - деді аймақ басшысы Оңдасын Оразалин.


null

Айта кетейік, әрбір «Алтын белгі» иегеріне облыс әкімінің атынан құттықтау хат пен қолсағат берілді. Ақтөбе облысының «100 жаңа есім» жобасына енген ардагерлер, танымал адамдар түлектерді марапаттау шарасына қатысты. Кейін жас түлектердің құрметіне арнайы шақырылған жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа әннен шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT