Ақтөбеде «Алтын белгі» иегері 9 жылға сотталуы мүмкін

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өз құрдасын пышақтап тастаған Бекназ Кеңшілік 9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін сотта жарыссөз басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мектеп түлегінің өліміне қатысты іс қаралып жатыр. Бүгін жарыссөз басталды.

«Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танып, 9 жылға бос бостандығынан айыруды сұраймыз. Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтесін», - деді мемлекеттік айыптаушы Азамат Байболатов.

Ал қаза болған Азат Дүсіповтің әкесі ақша ұсынған айыпталушыларға ренішін білдірді. Ол баласын сатпайтынын, өмірін ақшамен есептемейтінін жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде екі мектеп түлегі арасындағы өзара келіспеушілік өліммен аяқталды. Пышақ жарақатынан №19 орта мектептің түлегі Азат Дүсіпов аурухананың жансақтау бөлімінде қаза тапты.

Сотқа дейінгі талдау кезінде айыпталушының қорғаушылары қаза болған Азат Дүсіповтің ата-анасынан кешірім сұрады. Ал негізгі сот отырысы кезінде екі жігіт арасындағы жанжал би алаңында басталғаны белгілі болды. 

 

Соңғы жаңалықтар