Ақтөбеде алғаш рет бастауыш партия ұйымдарының форумы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАпарат - Ағымдағы жылдың маусым айында өткен партияның Саяси кеңес отырысында Президент бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыруды тапсырған болатын. Елбасы тапсырмасына сәйкес партия жұмысын жаңғырту аясында бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыруға арналған тұжырымдама жобасы әзірленді.

Тұжырымдама ағымдағы жағдайды және БПҰ жұмысындағы проблемалық мәселелерді талдауды, сондай-ақ партиялық жаңғыртудың негізгі міндеттерін ескере отырып әзірленген. Құжат БПҰ жұмысын орта мерзімді уақытқа жандандыру механизмін, негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. Осы Тұжырымдаманы тиімді іске асыру мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасы қабылданады.

Тұжырымдама жобасының міндеттері - БПҰ қызметін, оның ішінде партия мүшелерімен жұмысты жандандырудың нысандары мен түрлерін жетілдіру, бастауыш партия ұйымы және партия мүшелерінің деректер базасын өзектендіру, партияны қолдаушылар желісін қалыптастыру, спикерлер және сарапшылар пулын қалыптастыру, БПҰ жұмысын бағалау, уәждемелеу және ынталандыру жүйесін енгізу.

Қазіргі күні Тұжырымдама жобасы осыған дейін Оңтүстік, Орталық, Солтүстік-Шығыс Қазақстан өңірлерінің 800-ге жуық бастауыш партия ұйым басшыларының басын қосқан Шымкент, Қарағанды, Павлодар қалаларында өткен аймақтық форумдарда талқыланып, онда енген жаңашылдықтар бойынша партиялықтардың ұсыныстары жинақталды. Енді соңғы аймақтық форум Ақтөбе қаласында өтті. Еліміздің әр аймағында партиялықтар БПҰ-н жандандыру бойынша берген ұсыныс, тілектері іріктеліп, сарапталып, жыл соңында Астанада өтетін республикалық БПҰ-ның форумында жарияланатын болады.

Ақтөбе қаласында өткен форумға Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аумақтық филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары барлығы 200-ден астам партиялықтар қатысты. Айта кетсек, бүгінде Батыс өңірінде мыңнан астам бастауыш партия ұйымдары бар. Ал, республика бойынша 1 млн. адамды біріктіретін «Нұр Отан» партиясының 6 мыңға жуық БПҰ бар.

Бүгінгі күні БПҰ жалпы санының 51,3%-ын (3001 бірл.) партия мүшелерінің саны 3-тен 100 адамға дейінгі, 41,6%-ын (2432) 100-ден 500 адамға дейінгі бастапқы ұйымдар құрайды. Партия мүшелерінің саны 500-ден 1000 адамға дейінгі БПҰ-ның үлесі 5,0% (294 бірл.) құрайды. Саны мың адамнан жоғары ірі БПҰ-ның саны 112 бірл. құрайды, оның ішінде партия мүшелерінің саны 1 мыңнан 3 мың адамға дейінгі - 103 БПҰ, 3 мыңнан 4 мың адамға дейінгі - 5 БПҰ, 4 мың адамнан жоғары - 4 БПҰ бар.

Ақтөбедегі аймақтық форум жұмысы 4 секция бойынша жүргізілді. БПҰ қызметін жандандыру тұжырымдамасы партия Хатшысы Тамара Дүйсенованың қатысымен әрбір секцияда талқыланды.

«Халықтың сандық сауаттылығын арттыруға, цифрландыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, «Рухани жаңғыру» және мемлекеттік жастар бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жаңа партиялық жобаларды жүзеге асыру жолдары мен әдістерін талқылау күтілуде. Сондай-ақ, партия кадрлық резервін қалыптастыру, еліміздегі жастар саясатын одан әрі жетілдіру, партияның талдау және сараптау әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен қарастырылады. Партия мүшелері бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру жұмысына қатысты жаңа тұжырымда бойынша пікір алмасу, талқылау болады», - деді Тамара Дүйсенова.

Тұжырымдама жобасы бастауыш партия ұйымдарының жұмыс тәсілдерін қайта құруды қарастырады. БПҰ жұмысын жандандыру үшін қолданыстағы көзқарастар қайта қаралып, жаңа тәсілдер, бағыттар қалыптасады. Бұл туралы бірінші секцияда айтылды. Сондай-ақ БПҰ-ның қызметін жандандыру жолдары, партия жақтастарымен жұмыс, спикерлер базасын қалыптастыру, бастауыш партия ұйымдарының қызметін бағалау, оларды ынталандыру, бастауыш партия ұйымдарының құқықтық базасын өзектендіру жұмыстары талқыланды.

Сондай-ақ қатысушылар партияның барлық қызметін цифрландыруға, партия мүшелерінің бірыңғай базасын құрып, құжат айналымын қысқартуға және партия қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған «Сандық партия» жобасымен танысты.

Екінші секцияда партия жұмысының әлеуметтік желідегі технологиялары туралы айтылды.

Үшінші секцияда шағын және орта бизнесті дамыту, цифрландыру, «Рухани жаңғыру» шеңберіндегі партиялық жобаларды іске асыру тәсілдері, спикерлермен жұмыс жасау меxанизімдері талқыланды.

«Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партиямыздың түрлену жөнінде жаңғыру мәселесін қойған болатын. Сондықтан біздің бүгінгі кездесуіміз партиямыздың жүйелі жаңғыруына байланысты болып отыр. Жаңа жобалар - біркүндік акция немесе кеңселік шаралар емес, партия мүшелерінің еңбегі, нәтижесінде қазақстандықтардың өмірі мен тұрмысы жақсаруы тиіс», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова.

Төртінші секцияның жұмысы партиялық кадрлар резервін қалыптастыру мәселелеріне арналды. Онда партиялық кадрлық резерв қалыптастырудың мақсаты және негізі қағидалары түсіндірілді. Содан соң партиялық оқытудың жүйесі туралы айтылды.

Сонымен қатар, Партия Орталық аппараты құрылымдық бөлімдерінің басшылары, саяси менеджмент академиясының оқытушылары, танымал тренерлер және саясаттанушылар бастауыш партия ұйымы төрағаларына тренингтер өткізді.

Форумның екінші күні облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың қатысымен пленарлық отырыс өтеді. Партиялықтар бастауыш партия ұйымдарының белсенділігін арттыру бойынша өз ұсыныстарын жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар