Ақтөбеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік күнделікті бақыланады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде азық-түлік бағасына күнде мониторинг жүргізіледі. Қазіргі кезде ірі сауда желілерімен келіссөз жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар тауарларды тұрақтандыру мақсатында ірі сауда желілерімен келіссөз жүргізілді.

Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтермеу бойынша келісім жасалды. Қазіргі уақытта күн сайын мониторинг жүргізіліп келеді.

«Бұдан бөлек «Қайталама схемасы» механизмі жүзеге асырылып жатыр. Ол үшін кәсіпкерлік субъектілеріне займ беруге 1 млрд теңге бөлінді (сүт өнімдері, тауық еті, жұмыртқа және макарон өнімдері). Облыстың тұрақтандыру қорына 1200 тонна картоп, 60 тонна қырыққабат, 60 тонна күріш, 226 тонна сәбіз, 297 тонна пияз, 4800 тонна ұн жеткізілді», - деді Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.

Айта кетейік, Ақтөбеде тек облыс әкімдігінің ғимараты бүлінді. Қазіргі кезде шығын көлемі шамамен 300 миллион теңге деп болжанып отыр.


Соңғы жаңалықтар