Ақтөбеде алаяқтыққа қатысты қылмыстық істер 49% артты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде биыл алаяқтыққа қатысты 1648 қылмыстық іс тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 49% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шамамен әрбір бесінші алаяқтық ісі азаматтардың жеке деректерін бөгде адамның иемденген кезінде тіркеледі.

Қазір интернет алаяқтарының саны артты. Соған орай «Интернет алаяқтық фактілері бойынша тіркелген қылмыстық істерді тергеу және ашу кезіндегі проблемалық мәселелер туралы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов, Ақтөбе облысы бойынша қаржы нарығын реттеу және дамыту басқармасының бастығы Жанар Айтбай және екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.

«Облыстық ПД-нің өндірісінде алаяқтық фактілері бойынша 1 979 қылмыстықіс тіркелген. Оның 1 648-і биыл есепке алынды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49% артық. Цифрландырудың, оның ішінде интернет сауданың және онлайн бизнестің дамуына байланысты қылмыстың осы түрі өсіп тұр. Азаматтардың сеніміне ие болу оңай. Тіпті алаяқтың құрбаны болатынын біле тұра әрі қарай интернет желісіндегі күмәнді келісімдерді қолдайды», - деді Ақтөбе облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Әсет Қалиев.

Кейде екінші деңгейдегі банктер және микро-кредиттік ұйымдар сот және прокурор санкция берсе де ақпарат беруден бас тартады.

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы сұрататын барлық ақпаратты ұсынбайды.

Сондықтан полиция қызметкерлері мен банк өкілдері азаматтарды алаяқтықтан қорғау мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар