Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйел іздестіріліп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Жанар Ермағамбетова мен Назгүл Әбішеваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбелік Жанар Ермағамбетова тұрғындардың сеніміне кіріп, құрылыс материалдарын жеткізіп беруге уәде еткен. Алдау және сенімге қиянат жасау арқылы олардың қомақты ақшасын қалтасына салып, із-түзсіз жоғалып кетті.
«Өткен жылы кірпіш алу үшін жеке кәсіпкер Жанар Ермағамбетоваға 1,1 миллион теңге бердік. Арада келісімшарт жасалды. Келісім бойынша 2020 жылдың мамыр айында бізге құрылыс материалын жеткізіп беруі тиіс еді. Туысымыз да 985 мың теңге берді. Түбіртек қолымызда бар. Карантин кезінде кірпіш жеткізілмегенін айтып, күте тұруды сұрады. Бірер айдан соң байланыссыз қалды. Полицияға барлығы 40-тан астам адам арыз жазды. Біз хабарын күтіп жүрміз», - деді жәбірленушілердің бірі Айнұр Ыхсанова.
Сонымен бірге полиция 54 жастағы Назгүл Әбішеваға іздеу жариялады. Полиция қызметкерлері оларды көрген-білген адам болса 102 немесе 51-38-37, 52-05-14 телефон нөмірлері бойынша хабар беруін сұрайды.
- Тендер ұтып, табысқа кенелмек болған Ақтөбе тұрғыны 14 млн теңгесінен айырылды
- Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді
- Сотталушы Ақмола колониясына үш телефон мен есірткі өткізбек болды
- Баянауылда барымташылар сотталды
-
«Қазпошта» АҚ БҚО филиалында заңға қайшы әрекеттер жасалғанын растады
-
Швецияда белгісіз затпен қаруланған жас жігіт 8 адамды жарақаттады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам