Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен апалы-сіңлілі әйелдер ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде инвестициялық салым, биржаларда ақшаның пайызын арттыру сылтауымен адамдардан ақша алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті адамдарды алдап, ақша алған күдіктілерді қолға түсірді.

«Полицияға Ақтөбе қаласының 47 жастағы тұрғыны арыз жазып, өзінің алданып қалғанын айтты. Зардап шегушінің айтуынша, танысының үйінде отырған кезде инвестициялық салым туралы естіп, білген. Апалы-сіңлілілер «Finiko» компаниясына инвестиция салу, биржаларда ақшаны айналдыру сылтауымен жәбірленушіден қомақты ақша алып кеткен. Алайда, ақша да, уәде еткен екі еселенген қаржы да болмаған. Жедел іздестіру шарасы барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар апалы- сіңлілер болып шықты. Келтірілген залалдың сомасы 10 млн теңгені құрайды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар