Ақтөбеде әкім мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаланды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Құмжарған ауылдық округінің әкімі Рамазан Үргенішбаев мас күйінде көлік жүргізіп, ұсталды. Әдеп жөніндегі кеңес әкімге қатаң сөгіс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Әдеп жөніндегі кеңес өткізді. Кеңесте 7 мәселе қаралды. Бұл жолы кеңес мүшелерінің алдына Мұғалжар ауданы, Құмжарған ауылдық округінің әкімі Рамазан Үргенішбаев келді. Әкім Ембі қаласында өзінің «Ниссан Тирано» көлігін мас күйінде айдап, жол-патрульдік полициясының қолына түскен. Әкімшілік хаттама толтырылып, әкім 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

null «Мен 6 жылдан бері әкім болып жұмыс істеймін. Болған нәрсені мойындаймын. Алдағы уақытта мұндай қайталанбайды деп сендіремін»,- деді Рамазан Үргенішбаев.

Әдеп кеңесі әкімге қатаң сөгіс берді. 

Соңғы жаңалықтар