Ақтөбеде әкесі баласын көлігімен қағып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде бір жасар бала көлік астына түсіп қалды. Қазір ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы бау-бақша ұжымдарының бірінде жазатайым оқиға тіркелді. Әкесі баласын көлігімен қағып кетті.

«48 жастағы ақтөбелік өз үйінің ауласында тұрған «Opel Astra» автокөлігін айдап, 2020 жылы туған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала бас-ми жарақатын алды. Шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жолда, әсіресе аулада қырағы болуды сұрайды. Көліктің артында ешқандай кедергі жоқ екеніне көз жеткізу керек. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларды көлік жүретін жолда ойнатпаңыз»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар