Ақтөбеде 9 жасар балықшы адасып, Ресей аумағына өтіп кеткен

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп оқушысы балық аулауға кетіп, Ресей шекарасына өтіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 23 мамыр күні сағат 02:00 шамасында тіркелді. Мәртөк аудандық полиция бөліміне Вознесеновка ауылының тұрғыны телефон шалып, 9 жасар баласының балық аулауға кетіп, қайа оралмағанын айтқан.

«Полиция қызметкерлері тез арада бірнеше іздеу тобын құрып, түні бойы ауылдағы су жағалауларын тексерді және жан-жаққа бағыт-бағдар жолданды. Таңертең полицияның кезекші бөліміне осы ауылдан 5 шақырым қашықтықта орналасқан Ресейдің шекара қызметіннен хабар түсті. Олар баланы Ресей Федерациясы аумағынан тауып алған және оған тамақ беріп, киіндіріп, полиция қызметкерлері мен ата-анасына табыстаған», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кішкентай балықшы бірнеше досымен ауыл маңындағы су тоғанына барған. Бәрі үйіне оралып, 9 жасар бала өзі қалған. Кеш қарая үйіне шыққанымен, жолда адасып кеткен.

Соңғы жаңалықтар