Ақтөбеде 9 қабатты үй өртеніп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында көпқабатты үйден өрт шықты. Қазір өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үй 3-қабаттан бастап өртенді. Үйді қаптаған зат тез шарпып кетті. Пәтерлер жабық тұр»,- дейді оқиға орнынан Қазақпарат тілшісіне хабарласқан куәгер Ғайни Ғазизқызы.

Айта кетейік, оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру көлігі мен жедел жәрдем, полиция тұр. Сондай-ақ, оқиға орнына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов та келген. 

null null 

Соңғы жаңалықтар