+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақтөбеде 800-ден астам адам инфекциялық ауруханада жатыр

2021 жылғы 29 шілде 21:42
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде 800-ден астам адам инфекциялық ауруханада жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде инфекциялық стационарлардың 53% толды. Қазір 800-ден астам адам емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырған 109 бала ауруханада жатыр Коронавирус науқастарымен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі өзгерді - қаулы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Ақтөбе облысы бойынша инфекциялық, теміржол ауруханалары, Ақтөбе медицина орталығы, облыстық фтизиопульмонологиялық орталық пен облыстық наркологиялық диспансерде коронавирус инфекциясына шалдыққандар емделіп жатыр. Барлығы 824 адам дәрігер бақылауында болса, оның 67-сі жансақтау бөліміне түскен.

«Қазір 8 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы жатыр. Сонымен бірге 35 адам инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Жалпы адамдар тұмау белгілері анықталса, үйде емделеді. Сөйтіп асқындырып, дәрігер көмегіне жүгінеді. Мәселен облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта 40 жастағы әйел көз жұмды. Ол бірнеше күн бойы өзі емделген. Хаттамаға сәйкес дәрі-дәрмек қабылдағанымен, өмірін сақтау қалу мүмкін болмады. Жалпы шілде айында 33 адам көз жұмды. Нақтыласақ, бір аптада 19-ы қаза тапты», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров.

Айтып өтейік, бір тәулікте Ақтөбеде тағы 230 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, үй карантиніндегі адам саны 6 мыңға жуықтады. Облыстың бас санитар дәрігері карантин шектеуін күшейтіп, бірқатар қызмет көрсету орнының сенбі-жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT