Ақтөбеде 8 жасар баланы көлік қағып мерт қылды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Жаңақоныс тұрғын алабында қайғылы оқиға тіркелді. 8 жасар баланы көлік қағып кетіп, оқушы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 22 мамыр күні кешкілік тіркелді.

Қаладағы Жаңақоныс тұрғын алабында «Хонда» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 8 жасар баланы қағып кетті.

«Апат салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханада қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда мұқият болуға және жол ережесін қатан сақтауға шақырады»,- деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы Айдос Құлжанов.

Айта кетейік, өткен сенбі күні Ақтөбенің Байғанин ауданында екі көлік соқтығысып, 5 оқушыны дәрігерлер қарап шыққан еді.

Бір оқушы қыздың бұғанасы сынып, травматологтар гипс салды.

Балалар 2009, 2010, 2011 және 2012 жылы туған. Ал көлік ішінде болған жаттықтырушы 27 жаста. Бәрі аман.

Ал облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Аудандық полиция бөлімі анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.​ Толық ақпаратын сонан соң береміз»,- деді. Сонымен бірге ата-аналарға түсіндіру жұмысы жүргізілген.

Видео: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айдос Құлжанов Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы


Соңғы жаңалықтар