Ақтөбеде 8 жасар бала ойын алаңында жарақаттанып қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі ойын-сауық кешенінде 8 жасар бала жарақат алды. Оқушының ата-анасы демалыс орнының иесін жауапкершілікке тартып, қылмыстық істің қозғалуын талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тосын оқиға 26 тамыз күні болды.

«Бала «Гравитация» бөлмесінде жарақат алды. Онда кез келген зат кері бағытқа қарай қозғалып тұрады. Бұл баланың ғана емес, ересектердің де басын айналдырады. Дәл осы бөлмеде темір орындық еденге бекітілген. Бала құлап, орындықтың ұшына басын соғып алды. Басына зақым келіп, тігуге тура келді. Жағдай бұдан да қиын болар еді»,- деді отбасының қорғаушысы Станислав Никифоров.

Оқиға болған кезде баланың ата-анасы бөлме сыртында жүрген. Себебі, ойын бөлмесі тек балаларға арналған. Басы жараланып, қанаған кезде баланың әкесі оны ауруханаға апарды. Жара терең болған соң тігуге тура келген. Отбасы демалыс орнын жауапкершілікке тартып, жазаланғанын қалайды. Олар Қылмыстық кодекстің «Қауіпсіздік талаптарын сақтамай қызмет көрсету» бабы бойынша іс қозғау үшін арыз жазды.

«Полицияға арыз жазылды. Бірақ нәтиже жоқ. Кейін облыстық прокуратура мен ІІМ-ге арыз берілді»,- деді қорғаушы. 

ҚазАқпарат облыстық ІІД-нен ақпарат күтеді.

Соңғы жаңалықтар