+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ақтөбеде 7200 пәтер пайдалануға беріледі

2020 жылғы 23 қыркүйек 00:39
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде 7200 пәтер пайдалануға беріледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында 3 мыңнан астам пәтер қолданысқа берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Байрон Өтешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында осы жылдың қаңтар-тамыз айларында барлық қаржыландыру көздерінен 480,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3186 пәтер пайдалануға берілді.

«Биыл аумағы 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй, яғни, 7200 пәтер пайдалануға беріледі. Оның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша аумағы 49 мың шаршы метр болатын несиелік тұрғын үй қарастырылған. Пәтер «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданынан берілді. Сонымен бірге сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 159 пәтер бар. Бұл көпбалалы отбасыларға тиесілі. Бұдан басқа, Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік емес кәсіпорындардың қаражаты есебінен 191,3 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй немесе 1829 пәтер және Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарындағы халықтың жеке қаражаты есебінен 4351 үй пайдалануға беріледі», - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Байрон Өтешов.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 9096,3 млн теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 7892,3 млн теңге, жергілікті бюджет есебінен – 1325,3 млн теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа 518 шақырымдық инженерлік желі тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT