Ақтөбеде 71 жастағы қариядан коронавирус анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Соңғы тәулікте Ақтөбеде 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның біреуі жасы 70-тен асқан қария, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зерттеу қорытындысына сүйенсек, 1973, 1949 жылғы әйел адамдарға COVID-19 диагнозы қойылған. Біреуі – Ақтөбе қаласынан, екіншісі – Мәртөк ауданынан. Ал бір адам ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген. Тексеру кезінде одан да коронавирус анықталды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

«Облыста коронавирус инфекциясымен ауырған 3249 жағдай тіркелді. Оның ішінде 48,9% ауру белгілерімен. Барлығы 3180 адам, яғни, 97,9% жазылып шықты. Қазіргі таңда үй карантиніне 41 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар