Ақтөбеде 7 жасар балаға нәпсіқұмарлық сипатта күш қолдану дерегі бойынша тергеу басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы мектеп оқушысына нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану дерегіне қатысты тергеуді бастап, бірнеше сараптама тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, №3 қалалық полиция басқармасы 2014 жылы туған балаға нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану дерегіне қатысты істі тергеп жатыр.

Қылмыстық кодекстің «Жас балаға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» бабы бойынша бірнеше сараптама тағайындалған.

Тергеу бөлімшесі барлық қажетті сараптаманы жүргізеді. Қорытындысы әлі дайын емес.

«Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр, сонымен бірге бұл іс облыстық ПД бастығының қатаң бақылауында. Тергеу аяқталған соң шешім қабылданады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар