Ақтөбеде 7 бүркіт аулап, сатпақ болған күдікті ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Қызыл кітапқа енген бүркітті аулаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің патруль полициясы ротасы Қарабұтақ-Қостанай тас жолында жеңіл көлікті тоқтатты. Полиция қызметкерлері Мәртөк ауданының тұрғынынан 7 бүркіт тәркіледі. Қызыл кітапқа енген құсты ол Нұр-Сұлтан қаласына апарып сату үшін аулап алған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, тәркіленген бүркіттер Жас натуралистер стансасында тұр. Тергеу жұмыстары аяқталған соң бүркіт мекен еткен Мәртөк ауданына қайта жіберілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар