Ақтөбеде 6 жасар қыз іздестіріліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 6 жасар қыз таңертең сағат 10:30-да үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Тургенев көшесінде тұратын 6 жастағы Айлана Батырбаева іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына еріктілер тобының 15-ке жуық адамы жұмылдырылған.

«Біз жоғалған қыз тұратын аумақты емес, қаланың әр шағын ауданынан іздестіріп жатырмыз. Қазір көбі жұмыста. Барлығы 15 адам іздеуге шықты. Ал жұмыс уақыты аяқталған соң іздеуді күшейтеміз», - деді еріктілер тобының мүшесі Анастасия Евсеева.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, іздеу жұмысы жалғасып жатыр.


Соңғы жаңалықтар