Ақтөбеде 6 жасар баланы түйе жаралады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Темір ауданы Кеңқияқ ауылында түйе балаға жүгіріп, жаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алты жасар баланың мойыны және беті жараланып, тері тініне зақым келген. Оны түйе соққан. Бала амбулаториялық ем қабылдайды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, арыз полицияға да түскен.

«Түйеден зәбір көрген баланың әкесі шара қабылдау жөнінде өтініш жасады, ал түйенің иесі ірі қарасын сойып тастады. Арыз шара қолдану үшін ветеринарларға жолданды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар