Ақтөбеде 517 сайлау учаскесі дайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Өңірде 517 сайлау учаскесі бар. Олардың 162-сі Ақтөбе қаласында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.​

Ақтөбе облысы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге толықтай дайын. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин сайлау учаскесінің материалдық-техникалық жабдықталуын қарап шықты. Санитарлық-эпидемиологиялық талап та маңызды.
Айта кетейік, облыстың​ 562 351 тұрғыны дауыс береді деп күтіліп отыр. Дауыс беру процесін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестік филиалдарының байқаушыларынан өзге​ ТМД мен​ ЕҚЫҰ​ өкілдері​ бақылайды.
«Өңір басшысы​ учаскелерде​ сайлаудың өтуін​ және қатысушылардың​ қауіпсіздігін​ қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты қарап шықты. Әсіресе санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына, мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз дауыс беруіне жасалған жағдай туралы білді. Учаскелерде пандустар, тұтқалар орнатылған, бейімделген форматтағы ақпараттармен жабдықталған мониторлар бар. Коронавирус инфекциясының​ таралуын болдырмау​ мақсатында медицина қызметкерлері мен еріктілердің кезекшілігі ұйымдастырылады», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар