Ақтөбеде 5 жыл бұрын табылған ғұн дәуірі бұйымдарын реконструкциялау басталды

None
Фото: Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2018 жылдың маусым айында Ақтөбенің Қурайлы ауылындағы карьерден ғұн дәуірінде жерленген адамның алтын бұйымдары мен ат әбзелдері табылған болатын. Реконструкция арада бес жыл өткенде басталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Реконструкция жұмыстарын белгілі археолог-ғалым, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Арман Бисембаев, этнограф-ғалым, суретші Қалиолла Ахметжан және аталған институттың бөлім меңгерушісі Аслан Мамедов жүргізеді.
«Деректерге сүйенсек, Ақтөбе ғұндардың мекендеген орталығы болған. Еуропаға қоныс аударғанға дейін Ақтөбе өңірінде өмір сүрген. Олардың мәдениеті де ерекше болыпты.
Соның бірегейі — Елек өзені бойынан табылған ғұн дәуіріне жататын жауынгердің олжалары. Табылған артефактілерді реконструкциялау жұмыстары басталды. Оның ішінде жауынгердің киім-кешегі, қару-жарағы мен ат әбзелдері бар»,- дейді Аслан Мамедов.
Еске салсақ, сол кезде облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Нұрланұлы археологтар қазба жұмыстарын жүргізгенін, табылған зират біздің заманымызға дейінгі ІІ-ІV ғасырларға жататынын айтқан еді.


«Ол жерге беделді адамның жерленгенін айтуға болады. Адамның сүйегі жатқан жерде бағалы металдан жасалған бұйымдар бар. Аттың ерін сары түсті металдан әшекейлеген. Бас киімі немесе киімі де сары түсті металмен көмкерілген. Қазір бәрін жинап алып, музейдің қорына сақтап отырмыз. Тіркеу жүргізіліп, қалпына келтіру басталады, - деді ол.



Соңғы жаңалықтар