Ақтөбеде 5 жасар қыздың өлімінен соң қылмыстық іс қозғалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ауруханалар арасында жүріп, көз жұмған 5 жасар Іңкәрдің өлімінен соң қылмыстық іс қозғалды. Істі прокуратура тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде ауруханада көз жұмған 5 жасар қыздың өлімінен соң тәуелсіз комиссия құрылып, тергеу жүрді. Қазіргі уақытта істі прокуратура қарап жатыр.

«Бала өлімінен соң Қылмыстық кодекстің «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бабы бойынша іс қозғалды. Істі прокуратура тергеп жатыр», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Іңкәр облыстық балалар ауруханасы, жұқпалы аурулар ауруханасымен мен қалалық балалар ауруханасының ортасында бірнеше сағат жүрген. Екі күн дәрігерлер қарауында болып, ауруханада көз жұмды. Баланың ата-анасы оқиғаның қалай болғанын тілшілерге айтып берді. Ал қорытынды сараптама бірер күннен соң белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар