Ақтөбеде 5 және 6 жасар екі бала суға батып кетті
2021 жылғы 13 мамыр 09:36

Ақтөбеде 5 және 6 жасар екі бала суға батып кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайдар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама 12 мамыр күні сағат 22:29-да түсті.

Хабар берген адам 5 және 6 жасар екі баланың Ақтөбе қаласы, Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткенін айтты.

Оқиға орнына сүңгуірлер мен және психологтар жіберілді.

Құтқарушылар жеткенше сол жердегі адамдар 2015 жылы туған баланың денесін жағаға алып шыққан.

«Оқиға орнына жеткен сүңгуірлер 2014 жылы туған баланың денесін іздеуге кірісті. Сағат 00:09-да жағадан 3 метр қашықтықтан, 7 метр тереңдіктен 6 жастағы баланың денесі табылды. Екі бала да бақылаусыз қалған. Суға шешініп түскен. Жанында ата-анасы болса, мұндай қайғылы жағдай тіркелмес еді»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Суға батып кеткендер бір отбасының балалары емес.

Қазіргі кезде балалардың ата-анасыз қалай суға барғаны анықталып жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 5 адам суға батып кетті.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT