Ақтөбеде 5 тонна бауырсақ пен 7 тонна Наурыз көже таратылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Наурыз мерекесі тойланып жатыр. Қаладағы 7 алаңға 70 ағаш үй тігіліп, кафе мен мейрамханалар 5 тонна бауырсақ пен 7 тонна Наурыз көже таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Ақтөбеде Наурыз мерекесі 21-22 күндері ұйымдастырылды. Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта «Шаттан халқым, Әз Наурыз келді!» атты мерекелік концерт өтті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерді Наурыз мерекесімен құттықтады.

null 

«Наурыз - Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттың мерекесі. Күннің салқындығына қарамастан әр ұлт өкілі орталық алаңға шығып, ортақ мерекені атап өтіп жатыр. Ақтөбеліктер жылды жақсы қарсы алды. Халқымыздың тұрмысы, тірлігі жыл өткен сайын жақсарып келеді. Ең негізгісі, елімізде береке, ынтымақ бар», - деді Б.Сапарбаев.

null 

Наурыз мерекесіне Ұлттық тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов, академик Жақсылық Досқалиев пен Ұлттық нейрохирургия орталығының президенті Серік Ақшолақов қатысты. Меймандар Ақтөбеде тігілген ағаш үйге кіріп, дастарханнан дәм татты.

null 

Мереке күні Ақтөбе қаласындағы 7 алаңға 70 ағаш үй тігілді. Ірі мұнай компаниялары мен жоғары оқу орындары, мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық компаниялар қала тұрғындары үшін ағаш үйді сәндеді. «Әр киіз үй ұлттық нақыш стилінде безендіріліп, киіз үйлерде қазақ халқының салттары мен дәстүрлерін, тұрмыстық ерекшеліктерін бейнелейтін бұйымдар қойылып, дастархан жайылды. Бауырсақ пен Наурыз көже таратылды. Ағаш үйлердің алдында мерекелік бағдарламалар, спорттық ойындар ұйымдастырылды», - деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева. Сонымен қатар, әр ауылда алтыбақан құрылып, балалар мен жастардың көңіл көтеруіне жағдай жасалды. 

Соңғы жаңалықтар