+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ақтөбеде «5-10-20» бағдарламасы бойынша алғашқы адам баспана алды

2020 жылғы 16 қыркүйек 15:14
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде «5-10-20» бағдарламасы бойынша алғашқы адам баспана алды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Шаңырақ» бағдарламасы аясында алғашқы клиент өз пәтерінің кілтін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде жетім баланың пәтерінде мемқызметші тұрып жатқаны жайлы ақпарат - жалған Зәуреш Батталова: Баспанасы бар адамды баспанасызға айналдыру - қылмыс Қызылордада жанашыр жандар жалғызбасты анаға баспана алып берді

Ақтөбе қаласының тұрғыны Жанар Жексенбаева 11 жыл бұрын бюджеттік сала қызметкері ретінде пәтер кезегіне тұрған. Мамандығы – дәрігер. Қазіргі күні бала күтімі бойынша демалыста отыр.

«Zhilstroy_aktobe инста парақшасына тіркеліп, жаңалықтарын үнемі қарап отырамын. Күнде тікелей эфирде онлайн кеңес береді. Қосып, тыңдап жүремін. Бірде «5-10-20 бағдарламасы басталды« дегенді құлағым шалып, эфирде сұрақ қойдым. Өтінім беру жолын сол сәтте көрсетті. Эфирден соң сайт арқылы өтінім бердім. СМС хабарлама келді. Келесі күні әлеуметтік желідегі парақша арқылы келесі сатысын сұрадым. Банк маманы тағы толық ақпарат беріп, 3 күнде қайта хабарласатынын айтты. Сөйтіп банкке тек жеке куәлігіммен барып, 10 минут ішінде мақұлдама алдым. Тізім бойынша пәтерлерді қарадым. Таңдап, кілтін алып, қуанып отырған жайымыз бар», - дейді Жанар Жексенбаева.

Еске сала кетсек, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 2010 жылға дейін пәтер кезегіне тұрған азаматтардан өтінім қабылдау 17-тамызда басталды.

Ақтөбе өңірі бойынша 500-ге жуық үміткер hcsbk.kz сайты арқылы өтінім берді. 43 адам құжат тапсырып, 38 адам мақұлдама алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT