Ақтөбеде 48 жастағы тұрғын қарасора өсіретін зертхана ұйымдастырған

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе тұрғыны саяжайда есірткі зертханасын ашқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел әрекет ететін жасақ қызметкерлерімен бірлесіп, саяжай алаптарының бірінде қарасора өсіріп, өңдейтін арнайы жабдықталған есірткі зертханасын тапты.

48 жастағы саяжай иесі қарасораны жеке пайдалану мақсатында өсіргенін айтқан.

Зертхана соңғы техникалық құралдармен жабдықталған.

Күдіктінің айтуынша тұқым мен техниканы интернет дүкендерден алған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Тәркіленген зат салмағы 400 грамнан асады. Сараптама тағайындалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар