Ақтөбеде 46 сәби COVID-19 диагнозымен өмірге келген

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қазір COVID-19 диагнозымен туған 9 сәби дәрігерлер бақылауында. Ал жыл басынан бері 46 шақалақтан вирус анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша бір тәулікте 48 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның көбі дерттің симптомды түріне шалдыққан.
«Қазіргі кезде инфекциялық стационарларда 155 адам ем қабылдап жатыр. Оның 16-ы жансақтау бөлімінде. Тыныс алуы нашарлаған 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Сонымен бірге жаңа туған 9 шақалақтан да коронавирус инфекциясы анықталды. Олар дерттің симптомсыз түріне шалдыққан. Жалпы жыл басынан бері 46 сәбидің ПТР сынамасы оң мән көрсетті»,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы Бақытжан Түлкібаева.
Қазір инфекциялық төсек-орын жүктемесі 42,5%, ал жансақтау бөлісінде 29% құрап отыр. Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетованың айтуынша, мониторинг топтар жұмысы жалғасып жатыр. Жыл басынан бері 92 миллион теңге болатын 939 айыппұл салынды.
«Облысқа барлығы 846 мыңнан астам вакцина жеткізілді. Қазір өңір тұрғындарының 58,8% вакцинаның екі компоненін де қабылдады. Қараша сайының соңында ревакцинация жүргізіледі. Дайындық бар. Сонымен бірге балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салатын медицина қызметкерлері біліктілігін арттырып, вакцинаны тасымалдау, сақтауға арналған арнайы аппарат әзірленіп жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы Бақытжан Түлкібаева.


Соңғы жаңалықтар