+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Ақтөбеде 406 сынып оқушылары карантинге жіберілді

2021 жылғы 20 қыркүйек 15:54
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде 406 сынып оқушылары карантинге жіберілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жаңа оқу жылы басталғалы 414 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталып, олар сыныптастарымен бірге карантинге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үш мың дәрігер біліктілігін арттырды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметкерлерінің шағымына жауап берді Ауғанстанға 28 тонна медициналық жүк жеткізілді

Ақтөбе облысы бойынша 115 мектептің оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазір барлығы 406 сынып оқушысы карантинде.

«Бір оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталса, олар 14 күндік карантинге жіберіледі. Оқушылар 45 минут бірге отырады, сондықтан жұғу қаупі басым. Оқушы карантинде болғанымен, оның ата-анасы карантинге жіберілмейді. Себебі ата-ана мен вирус жұқтырған оқушы байланыста болмады. Егер оқушы ауырса, отбасы карантинге оқшауланады. Тек вакцина алғандары жұмысын кедергісіз жалғастыра алады. Қазіргі кезде 414 оқушыдан вирус анықталып, олар сыныптастарымен бірге карантинде», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова.

Айта кетейік, егер балаларға арналған вакцина жеткізілсе, тек облыстық қан орталығында сақталады. Жаңа вакцина 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге берілуі мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT